Құрметті әріптестер!
Осы арқылы, Сіздерді Teniz Capital Asset Management Ltd. жеке компаниясы Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, Компанияның атауы «Teniz Capital Wealth Management Ltd. жеке компаниясы» болып өзгертілгені туралы хабардар етеміз.
Компания атауының өзгертілуі белгіленген тәртіпте тіркелді және 2026 жылғы «10» маусымнан бастап күшіне енді.
Компания атауының өзгеруі оның құқықтық мәртебесінің өзгеруіне әкеп соқпайтынына және қайта ұйымдастыру болып табылмайтынына назарларыңызды аударамыз. Осыдан бұрын жасалған шарттар мен келісімдер бойынша Компанияның барлық құқықтары мен міндеттемелері толық көлемде сақталады және қандай да бір өзгерістерсіз қолданыста болуын жалғастырады.
Компанияның тіркеу нөмірі, қолданыстағы лицензиялары мен өзге маңызды мәліметтері өзгеріссіз қалады. Компанияның жаңа атауының көрсетілуін қоспағанда, Компанияның банк деректемелері де өзгеріссіз қалады.
Шарттарды, қосымша келісімдерді, шоттарды, төлем құжаттарын, хат-хабарларды және атаудың өзгеруі күшіне енген күннен бастап ресімделетін өзге құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде, аталған өзгерісті ескерулеріңізді сұраймыз.
Компания атауының өзгеруін растайтын құжаттар Компанияның ресми сайтында орналастырылған: https://www.tenizcapfunds.kz/ және танысу үшін қолжетімді.
Ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз және алдағы жемісті өзара іс-қимыл жасасуға сенім артамыз.
Құрметпен,
Жумажанов Е.Ж.
Бас атқарушы директор
Teniz Capital Wealth Management Ltd. жеке компаниясы